«Дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Самар Достық үйінде «Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiн жою туралы» Конвенция ережесі нормаларын мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің  және сот мамандарының қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты аталған тақырыптағы халықаралық шарттарды мәлімдеу және түсіндіру болды.

Қатысушылардың алдында сот төрағасы Н.Нұралинов Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясының негізгі аспектелерін түсіндірді. Сонымен қатар, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан шаңырақтың шырқы бұзылып, көп жағдайда некелердің бұзылуына түрткі болып жататындығын алға тартты.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, құқық қорғау органдарымен тұрмыстық зомбылыққа қатысты фактілерді анықтау және оқу орындарында түсіндіру жүмыстарын жүргізе отырып, бақылау жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылдады.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі