Денсаулыққа зиян келтіргені үшін моральдық залал өтемақысы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа талап арызбен жүгіне келе, жауапкердің бұзақылық ниетімен соққыға жығылғанын көрсеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жауапкермен татуласып, талапкердің пайдасына 250 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелген. Алайда, қазіргі уақытқа дейін келтірген моральдық зиянды өтемеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы.

Талап арыз толық қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі