Денсаулыққа қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіру бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында азамат О.-ға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Жаңалық ауылының тұрғыны сотталушы М. жәбірленуші О. қолындағы қамшымен ұрып, денесіне жеңіл дәрежеде дене жарақатын түсірген.

Сот талқылауына дайындық жүргізу барысында жеке айыптаушы О.айыпталушы  М.  өзара медиативтік келісімге келіп, татуласқанын көрсетіп, сотқа медиативтік келісім ұсынып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен М.- ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тарбағатай ауданының № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі