Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 1 бөлігінде (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) көзделген қылмысты жасаған Р.Родионовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталған қылмыстық істі сотта қарау барысында, Р.Родионов пен жәбірленуші спирттік ішімдік ішу барысында сөзге келіп ұрысып қалғаны, жан-жал кезінде үстел үстінде тұрған ас үй пышағымен жәбірленушінің көкірек тұсынан ұрып, жәбірленушіге  ауыр дәрежелі зақым келтіргендігі анықталды.

Сот үкімімен сотталушы Р.Родинов Қылмыстық Кодекстің 106 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сотталушыдан мемлекеттің пайдасына жәбірленушіге медициналық көмек көрсету кезінде жұмсалған 103 403 теңге көлемінде шығын өндірілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

 баспасөз бөлімі