Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер М. жауапкер А. әкелікті тану және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда тараптар 01.03.2014 жылға дейін заңсыз некеде тұрғандары, аталған некеден кәмелетке толмаған 2014 жылы туған қызы бар екендігі, жауапкер қызына қатысты әкелікті тануды ерікті түрде қаламайтындығы көрсетілген. Сондықтан соттан қызына қатысты әкелікті танып, оның асырауына алимент өндіруді сұраған.

Сот талқылауына дайындық барысында судьямен бітімгершілік рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы түсінік берілгеннен кейін, тараптар дауды бітімгершілік жолымен шешу үшін үзіліс сұрады.

Кейіннен тараптармен сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды, осы келісімде жауапкер ерікті түрде баласына қатысты әкелігін мойындап,  оның асырауына ай сайын барлық табысының ¼ бөлігін ол кәмелетке толғанға дейін төлеуге міндеттенеді.

Көрсетілген медиация келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды, талапкермен мемлекеттің кірісіне төленген 1 135 тенге сомадағы  мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Шығыс Қазақстан облысының №2

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі