Cот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің    524 бабы бойынша Р. атты азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының 03.12.2008 жылы шығарылған сот шешімі бойынша Р. атты азамат өндіруші Р. атты азаматшанығ пайдасына 1/4 көлемде алимент өндірілген, алайда Р. атты азамат сот шешімін орындаудан жалтарып жүр.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Р. АТТЫ азамат әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 524 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

Катонқарағай ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі