Банктік қарыздың өндірілуі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымда «дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-гі азамат Д-ға қарыз сомманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Түсірілген арыз бойынша «Альянс Банк» АҚ-мен (ары-қарай - Банк) және жауапкермен банктік қарыз шарты жасалған, сол шартқа сәйкес жауапкерге, 36 ай мерзіміне, асығыстық шарты бойынша, төленіп қайтарылу үшін, 111 369 тенге көлемінде қарыз ақша берілген. Алайда, жауапкер шартта көрсетілген өзіне тиесілі міндеттерді белгіленген мерзімде орындамаған. Содан кейін Банк факторинг шартына сәйкес өзінің жауапкерден талап ету құқықтарын «дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-гі пайдасына берді. Жоғарыда көрсетілген негізідемелер бойынша «дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-гі соттан өз пайдасына жауапкерден  155645 тенге көлемінде қарыз соммасын және 4669 тенге көлемінде сот шығындарын өндіріп беруді сұрайды.

Қолданыстағы заңнамаға қарсы келмегендіктен және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбайтындықтан, талап танылуы сотпен қабылданып, арыз Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 78 бабы 3 тармағы бойынша, іс материалдарына қосылды.

Жоғарыда көрсетілген негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 217-233 баптарын басшылыққа ала отырып, сот, «дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-нің талап арызын толығымен қанағаттандырды және «дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-нің пайдасына 155645 (жүз елу бес мың алты жүз қырық бес)тенге көлемінде қарыз соммасын және сот шығындарын  4669 (төрт мың алты жүз алпыс тоғыз) тенге көлемінде Д. атты азаматтан өндіру туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі