Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабы 3 бөлігімен (балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық ) әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Р.Жақсылықов Зырян ауданының Снегирево ауылында Бұқтырма өзені жағасында тыйым салынған құралымен балық аулау кезінде ұсталғаны анықталды.

Сот қаулысымен Р.Жақсылықов әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабы 3 бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және құқық бұзушылықты жасау құралын тәркілеп, оны жою тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі