"Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiсін" түсіндіру мақсатында дәріс сабағы өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотының кеңсе менгерушісі Э.К.Жансұлтанова аудандық Достық үйінде, «Әйелдер кеңесі» және «Іскер әйелдер» қоғамдық кеңесінің өкілдеріне БҰҰ-ның қабылдаған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiсін», «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясын», «Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенциясын», «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенциясын» және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні» түсіндіру мақсатында дәріс сабағы өткізді.

Іс шара барысында,  қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру шаралары және қолдану мәселелері жөнiнде көптеген сұрақтар қойылды.

Дәріс сабағының қорытындысында халықаралық келісім нормаларының қабылдауға жеңіл түрде түсіндіргені үшін және қатысушылардың құқықтық бағдарын көтергені үшін алғыстарын білдірді.

 

Катонқарағай аудандық сотының

 баспасөз қызметі