Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы облыстың жас судьяларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Д.Ә. Әбдіғалиев облыстың жас судьяларымен кездесті.

Кездесу аясында еңбек өтілі үш жылға дейінгі судьяларға семинар сабақтары өткізіліп, оның барысында сот актілерін сапалы дайындау, халықаралық құқық нормаларын қолдану, сот сараптамасын тағайындау туралы және т.б. сұрақтар талқыланды.

Іс-шара соңында сот алқасымен судьяның қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар берілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі