Аягөз аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотында «Сотқа кіргізу, шығару және ішкі объектілік режимі ережесін сақтау» тақырыбында Аягөз аудандық сотының судьясы Б.Оразбектің, Аягөз аудандық сотының аға сот приставы Н.Нүркенов және Аягөз қаласы Мамандырылған күзет қызмет басқармасының қызыметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті.

Іс шараны ашқан судья Б.Оразбек МҚҚБ-ның қызметкерлерімен сот жасауылының араларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты. Атап айтқанда, ішкі істер министрлігінің  2014 жылы 26 мамырдағы шығарылғын бұйрығының талаптарына тоқталды, өз міндеттерін атқарған кезінде сотқа келушілерімен сөйлесу барысында жалпы этикалық нормаларын сақтауды, ал айқын фактілер анықталған кезінде сот приставына айтуға, ал сот приставы анықталған тұлғаны жауапқа тарту үшін әрекеттерді жасау керектігін айтты. Сонымен қатар МҚҚБ-ның қызыметкерлеріне жұмыстан тыс уақытта сот ғимаратында болуға тыйым салынатын және сот ғимаратына күдікті заттарымен тұлғаларды кіргізуге болмайтыны туралы айтты.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты.

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі