Ауру қалса да, әдет қалмайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 467 бабы 6 бөлігі бойынша аз.С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, яғни осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер.

Әкімшілік іс-материалдарына сәйкес,  Самар ауылында  аз.С. мемлекеттік нөмірі F 762 SLM Volkswagen Passat автокөлігін жүргізуге арнайы жүргізуші құжатынан 2013 жылы 2 жылға айырылғанына қарамастан,  мас күйінде жүргізген.

Сондықтан аз.С. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 467 бабы 6 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, яғни көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам мас күйінде автокөлікті жүргізген  іс-әрекеттер.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, 26.03.2014 жылы ішімдік қолданып, автокөлік айдағанын айтып бекітті.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен  аз.С. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 467 бабы 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамау жазасын тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының 

№ 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі