Ата-ана өз міндеттерін орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігінде (Ата-ананың немесе  басқа  заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы) көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған Г.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Г. спирттік ішімдік ішіп өзінің ата-аналық құқығын дұрыс орындамаған, яғни  өзінің жасы кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеуге қатысты  міндеттерін тиісті түрде атқармаған.

Сот Г.ны ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзуы бойынша кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабын қолданып, 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 11 118 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

 

Аягөз аудандық соты

баспасөз қызметі