Ар-намыс, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі дау партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотына мемлекеттік органның басшысы А. өзінің орынбасары К., өзіне қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратуын теріске шығару жөнінде талаппен жүгінді.  

Істің мән-жайларына сай анықталғандай, азамат К. өзінің тікелей басшысы А. оған жеке бас араздық танытып, оны қудалап отыр деп санап, жұмысында бірқатар кемшіліктер болуына орай жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті шара қолдану жөнінде жүгінген.  

Сотта істі қарау барысында тараптардың өкілдері дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісім жасауға келісті. Келісімнің шарттары бойынша: жауапкер талапкерден көпшілік алдында тиісті кешірім сұрауға міндеттелді, ал талапкер өз талабынан, оның ішінде моральды залалды өндіру жайлы талабынан да бас тартуы тиіс.        

Аталған партисипативтік татуласу келісімі заңға қайшы келмеуіне немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылмауына орай, сот оны бекітіп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

 

Ұйғарым заңды күшіне енген.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі