«Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» атты тақырыпта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқықтық сауаттылықты және сот қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру мақсатында кеңсе менгерушісі . А. Қайсанова және сот мамандарының  қатысуымен  ««Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Бас маман сот отырысының хатшысы Ғ. Жайрова  соттың мамандарына қылмыстық істерді дұрыс және тиісті түрде апелляциялық сатыға жолдау туралы айтып өтті. Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі.

Сонымен қатар, іске қатысатын адамдарға шағымның, өтінішхаттың көшірмелері соттың интернет-ресурсы арқылы электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберетіндігі атап өтілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта жұмысты оңтайландыру мақсатында ұсыныстар енгізді.

                                                                        

ШҚО  қылмыстық істер жөніндег

і мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі