Алимент өндіру туралы талап медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық соты талапкер К.-нің жауапкер А.-дан өзін асырауға алимент өндіру туралы талап арызды медиация тәртібімен шешті.

 Талап қоюшы К. заңды некедегі  ортақ бала Б. үш жасқа толғанға дейін асырауға материалдық көмек қажет болуына байланысты талап арызбен сотқа жүгінген. 

Сот  отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісімге келіп, келісім бойынша жауапкер бала 3 жасқа толғанға дейін ай сайын жұбайын асырау үшін  30 000 теңге алимент төлеп тұруға міндеттелді. Өз кезегінде талап қоюшы алдында қойған талаптарынан бас тартады.

Сотта тараптардың өзара медиациялық келісімге келуіне байланысты, істі қысқартты. 

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі