23-маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы, судьялар және сот мамандарының қатысуымен 23-маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

«Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отырі. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді.Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», - деді өз сөзінде сот төрағасының міндетін атқарушы А.М. Садуакасова.

Сондай-ақ, облыс бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар арасында заңнаманы және сотта іс қағаздарын жүргізу туралы Ережелерінің талаптарын меңгеру деңгейіне қатысты байқау нәтижесі бойынша I-дәрежелі дипломмен марапатталған бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Б.С. Жаныбекованы құттықтап, барлық қызметшілерге осындай жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.

 

Жарма аудандық сотының

баспасөз қызметі