Тарих

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 14 қазан 1939 жылғы орталығы Өскемен қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы құрылды. Орталығы Семейде болған  бұрынғы Шығыс Қазақстан облысынан Семей облысы бөлініп шығарылды. Облыстардың бөлінуіне байланысты 1939 жылдың қараша айында Өскемен қаласында облыстық сот құрылды. Ол облыстық атына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық соты деп аталды.

1939 жылы  облыстық еңбекші депататтар Кеңесінің жанынан Қазақ  КСР-нің Халықтық Әділет Комиссариатының басқармалары ашылды.  Басқарма облыстық соттың қызметіне бақылау жасап, оның жұмысын жақсартуға байланысты тапсырмалар беріп, сот тәжірибесін зерттеп, қорытындылады. Облыстық сот  Халықтық Әділет Комиссариатынан тәуелсіз болды. Ол облыстық соттың сот істерін қарау жұмыстарына араласа алмады, сол сияқты үкімдерге, шешімдерге  және ұйғарымдарға наразылық келтіре алмады.

КСР Одағының, одақтық және автономдық республикалардың  сот құрылымы жөніндегі заңының 32 бабына сәйкес, облыстық сот контрреволюциялық  қылмыстар, басқару тәртібіне қатысты аса қауіпті қылмыстар, социалистік меншікті ұрлау,  аса қауәптә лауазымдық және шаруашылық қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарады. Сол сияқты облыстық сот мемлекеттік және қоғамдық мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар арасындағы даулар бойынша азаматтық істерді де қарады.

Сонымен қатар, облыстық сот халықтық соттан кез келген азаматтық немесе қылмыстық істі алып, өзінің өндірісіне қабылдай алды. Облыстық сот халықтық соттардың шешімдері мен ұйғарымдарына шағымдар мен наразылықтарды қарады, яғни, ол жоғарыда аталған істерді бірінші сатыдағы сот ретінде ғана қарап қоймай, халықтық соттарға қатысты  жоғарғы тұрған сот ретінде саналып, Шығыс Қазақстан облысының  екінші сот сатысы ретінде қызмет етті.  Облыстық сот істерді қадағалау тәртібінде қарау құқығын иеленбеді. Облыстық сотта президиум болған жоқ. (Қадағалауды Қазақ КСР Жоғарғы Соты немесе КСРО Жоғарғы соты жүзеге асырды).

Облыстық соттың құрамына 5 жылға тағайындалатын төраға, төрағаның орынбасарлары, мүшелері мен халықтық  заседательдер кірді. Сот өндірісін екі сот алқалары жүзеге асырды: азаматтық істер бойынша халықтық соттардың үкімдері мен ұйғарымдарына шағымдар мен наразылықтарды қарау үшін және азаматтық істер бойынша шешімдер мен ұйғарымдарға шағымдар мен наразылықтарды қарау үшін алқалар қызмет етті.

КСРО  Жоғарғы  Кеңес  Президиумы 1954 жылы 14 тамызда  «Одақтық және автономды республикалардың Жоғарғы  Сотының, аймақтық және облыстық соттардың құрамында перзидиумдар құру туралы» Жарлық қабылдады, ал, 1955 жылы 25 сәуірде облыстық соттардың президиумдарымен істерді қарау тәртібі бекітілген. Оларға халықтық соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне, ұйғарымдарына, сол сияқты облыстық соттың өзінің сот алқаларымен шығарылған  ұйғарымдарына  наразылықтарды қадағалау тәртібімен қарау жүктелген. Сол сәттен бастап облыстық сот көптеген сот істерін үшінші сатыдағы сот ретінде қарай бастады.

1997 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйке, семей облысы қысқартылып, Шығыс Қазақстан облысына қосылды, соның нәтижесінде екі облыстық сот Өскемен қаласында қосылды.

Өткен он жылдықта еліміздің мемлекеттік құрылымының негізіне, қоғамдық қатынастардың сипатына әсер еткен, көптеген басымдықтарды өзгерткен  көптеген өзгерістер орын алды. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылықтары болып саналады. Олар заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын, заң шығару және атқару билігінің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін анықтайды және сот төрелігімен қамтамасыз етіледі.

1991 жылдан бері Қазақстанда егемен, құқықтық мемлекеттің негізі қаланып, қажет мемелекеттік институттар құрылды. Бұл жерде сот билігінің жеке, тәуелсіз және мықты билік тармағы ретінде бекітілуі  ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі  болды. Ол өз өкілеттілігін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылымды, бірегей экономикалық және құқықтық кеңістікті  қорғау мақсатында жүзеге асырады.

Біз қалыптастырған Жаңа Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, жеке өзінің даму жолын таңдай отырып және әлемдік қауымдастықта үлкен беделге ие бола отырып, сенімді түрде алға жылжып келеді.

Сот өндірісінің құқықтық базасы жаңартылған. Соттардың қызметіне қазіргі ақпараттық технологиялар кең түрде еніп келеді.

Әр судьяның жоғары құқықтық мәдениетінсіз сот өндірісінің қазіргі құқықтық базасын сәтті түрде меңгеру, сот тәжірибесіне жаңалықтарды енгізу мүмкін емес. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық сотында жоғары кәсіпті, өз ісіне берілген, сот әділдігін жоғары деңгейде жүзеге асыратын судьялар қызмет етеді.

Бұған сот билігінің тәуелсіздігі мен беделін күшейте отырып, сот қауымдастығының,  соның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық соты ұжымының жоғары белсенділігінің арқасында, сот реформасы ережесін қалыптастыра отырып, оны сенімді түрде өмірге әкелудің арқасында қол жеткіздік.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық соты – бұл өз міндеттерін жүзеге асыруға жақсы дайындалған, облыстық сот қауымдастығына үлгі боларлық ұжым.

 

Семей губерниялық және Семей облыстық сотының тарихы

 

1918 жылы Семейдегі билік жұмысшылардың жергілікті Кеңесінің және солдат депутаттарының қолына көшті.  Жылдың ортасына қарай Семей облысының территориясында  алты жергілікті халықтық соттар құрылды. Сот туралы №2 декретке сәйкес, аумақтық  соттар құрылды. 1918 жылы 26 наурыздан  бастап Семейде екі бөлімнен тұратын аумақтық халықтық сот – қылмыстық және азаматтық, сол сияқты қалалық кеңеспен тағайындалған тұлғалардан тұратын тергеу комиссиясы қызмет ете бастады. Аумақтық сотта істі кеңесу дауысына ие мүшесі, сол сияқты алты  және екі кезектегі мүшесі қарады.  Олар айыпталушының кінәсін, кінәсінің дәрежесін, жаза мөлшерін аныөтады. Сот мүшесі қамауды жүзеге асырды. Адамды ұстауға милиционерлер мен қызыл гвардиялықтадың да құқықтары болды, бірақ, 12 сағат ішінде олар аумақтық сотқа қамалғандар туралы мәліметтер беруге міндетті болды.

Семей облыстық Кеңесі  1918 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен аумақтық  соттың  жанынан  қазақ бөлімін ашты (ұлттық аумақтық қызғыз соты). Ол тұрғылықты тұрғындар арасындағы специяикалық істерді шешуге арналған. 1918 жылы 19 сәуірде ол туралы Ереже бекітілді.

1918 жылдың жазында Семей облысында Кеңес билігінің құлауы Кеңестік сот жүйесінің құрылуын тоқтатты. Ақ гвардияшылар өздері бақылап отырған территорияларда өз сот органдарын құрды. 1919 жылдың желтоқсанында Семейде Кеңес билігі қалпына келді.  1919 жылдың 30 сәуіріндегі ЖОАК декреті негізінде Семей губерниясында Семей губерниялық революциялық трибунал (1920 жыл нақты күні белгісіз) сот қадағалауының кассациялық органы ретінде құрылды.   Губревтрибунал жергілікті Кеңестермен бір айға сайланды.  Оны құрамына төраға мен екі мүшесі кірді.  Істер бойынша тергеу жүргізу үшін бес адамнан тұратын тергеу комиссиясы құрылды. Трибуналдың үкімдері шағымдалуға жатпады. Ревтрибунал контрреволюциялық  әрекеттер лауазымдық қылмыстар дезертирлікке қатысты істерді қарауға міндетті. Семгубревтрибунал әділет бөліміне қарады.

Сол дәуірдің сипттаушы құжаты – Семей губерниялық революциялық комитеттің төрағасына  1920 жылы 10 ақпанда комиссар П.Н. Назаровтың қолымен жазылған баяндамада төмендегі мәліметті оқимыз:

«Семейдегі Колчак үкіметінің билігі 1919 жылдың 1 желтоқсанына қараған түні құлады. Бүкіл билікті өз қолына алған Әскери-революциялық комитет құрылды.  Мен Комиссар болып тағайындалдым. Менің 1919 жылғы  желтоқсандағы бірінші бұйрығым мынандай болды: бұрынғы Семей аумақтық сотының бүкіл кеңсе соты ерекше бұйрық алғанға дейін өз орындарында қалсын, ақша сомаларын несиені қалпына келтіру үшін өткізсін.   Одан басқа бұйрығым (1919 жылдың 4 желтоқсанында) жоғарғы сот ведомствосының барлық шендеріне тіркелу жөнінде болды, заңгерлер және мемелкеттік қызметкерлер есепке алынды.

1920 жылдың тамызында халықтық судьялардың губерниялық съезі өтті. Съезд хаттамасында көрсетілгендей, Семей уезінің алтыншы бөлімінің халықтық судьясы ретінде жолдас Сергеев бір арестандық істің бар екендігін, бірақ халықтық билердің жоқ екендігін айтқан.  Қылмысті істердің, атап айтқанда туыстарының және бөтен адамдардың мүлкін басып алуы туралы қылмыстық істердің көп екендігі айтылған. Куәлар күнтізбенің жоқтығынан қай күнге шақырылғандарын ұмытып келмейтіндігін айтқан.

Кеңес сот жүйесінің құрылуы оңай болған жоқ.   Бұл жерде Өскемен уезінің  3-ші бөлімінің  халықтық судьясы А. Медельцевтің «Ведомость» ескі баспасынан  жыртылған  бір бет қағазға жазған №642 хатын айтуға болды. Өз хатында  А. Медельцев Семей  Губерниялық Кеңестік халықтық сотынан «300 бланк сотқа шақыру қағазын, 100 дана халықтық тергеуші шақыру қағазын, шешімдер мен үкімдердің 100 бланкін беруін сұрап, қағаздар мен кеңсе тауарларының жоқтығынан қаралып жатқан істерді  уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отырғанын айтқан».

1921 жылы 26 тамызда Семей губерниясының екінші съезінде сот беделін күшейту, тұрғындардың көңіліне  сотқа деген құрмет сезімін ұялату қажеттігі туралы айтылған.

1923 жылы Семей губерниялық сотының төрағасы жолдас Баранов трибунадан сөз сөйледі:

–  Губерния сотын  орналастыру  жөніндегі  мәселе өзекті болып отыр. Трибунал және Кеңес халықтық соты отырған ғимараттар жарамсыз, олардың әрқайсысы 40-50 адамға есептелген.  Бұрынғы аумақтық соттың ғимараты  дәл болар еді, бірақ  қазіргі кезде  ол мүлдем жарамсыз, үлкен жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ол жөндеу жұмыстарының бағасы 500 мың сом (1923 жылғы ақша бірліктері бойынша). Губерниялық сот астында айтарлықтай алшақтықта орналасқан екі орынға жайғасу қолайсыз болады, себебі бұл  жұмыстағы қолайсыздықтарға әкеледі. Әсіресе, тәжірибесі аз техникалық персоналға ауыр болатыны белгілі...

Қазіргі төленіп отырған жалақы Губерниялық  сотқа  білікті мамандарды тартып, сонда тұрақты түрде қалдыруға мүмкіндік бермейді. Олар ешқандай сылтаумен сот органдарына қызмет етуге баруға келіспейді. Бірінші разрядтағы ешбір қызметкер еңбек ақысына отбасын асырамақ түгіл, пәтер жалдау және оны жылыту, бірінші кезектегі  қажет заттарды  алмақ тұрмақ, бір мөшек ұн да ала алмайды.

Тек  қызметкердердің  материалдық  жағынан  қамтамасыз етілуі ғана – сот органдарындағы істердің  дұрыс жүргізілуіне кепілдік береді, олай болмаса  қызметкерлердің кедейшілігі қылмыскерлерге қолайлы болып, олар өз ойларына келгенін жасауы мүмкін.

1928 жылдың 1 ақпанындағы Семей губерниялық соты қызметкерлерінің жеке құрамы туралы мәлімет қызықты. Олардың көпшілігінің, соның ішінде сот төрағасы Қожамұратовтың да білімі төмен болған.   ВКП(б)-ға мүшеліктен басқа оның мамандығы да болмаған.

1928 жылы 17 қаңтарда әкімшілік-территорилық аудандастыру процесінде  Семей губерниясын жойып, оның орнына Семей округын құру жөнінде шешім  қабылданды.  1928 жылғы 6 шілдесіндегі Семей губерниялық атқару комитетінің мәжілісінде  Семей губерниялық соты сот-тергеу органдарын аудандастыру  жобасы бекітілді. Оған: жалпы, қылмыстық-сот және кссациялық бөлімдері бар  Семей аумақтық соты да (1928-1930) кірді.

Семей аумақтық соты 1930 жылы жойылды.

Одан кейінгі әкімшілік-аумақтық өзгерістерге - 1932 жылы ақпан айында орталығы Семей қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облысын құрумен байланысты Семей қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық соты құрылды. Содан бастап ол атына байланысты да, бағыныштылығына байланысты да өзгерістерге ұшырады. Жаңа облыстардың  құрылуымен облыстық соттардың саны да өсіп,  1937 жылы 8 болса, 1940 жылы 14 болды.

14 қазан 1939 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына сәйкес, бұрынғы Шығыс Қазақстан облысынан орталығы Семей қаласында орналасқан Семей облысы бөлініп шықты. Осы сәттен бастап Шығыс Қазақстан облыстық сотының территориялық бөлінуі орын алды. Оның кейбір әкімшілік-территориялық бірліктері Семей облыстық сотына берілді. Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық соты құрылды.

1956 жылғы КСРО Әділет Министрлігінің қысқартылуы сот билігін жүзеге асыру сипатына түпкілікті өзгерістер әкелді. Облыстық сот Қазақ КСР-нің Жоғарғы Сотының ведомствосына қарады, ал, облыстық сот өз кезегінде халықтық соттарды, нотариат органдары мен адвокатураны басқаруды жүзеге асырды. Әділет органдарын құрғаннан кейін 1970 жылы облыстық сот Семей облыстық атқару комитетінің әділет бөліміне қарады.

1997 жылғы 23 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Семей облысы қысқартылып, Шығыс Қазақстиан облыстық сотына қосылды. Соның нәтижесінде Өскемен қаласында екі облыстық соттың қосылуы жүзеге асты. Семей облыстық сотының сот құрамы 2005 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотына ауыстырылды.