Сот медиациясының пилоттық жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

                          

Пилоттық жоба «Сот медиациясы»

 

2014 жылдың сәуір айынан бастап Судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) Азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы іске асырылуда.

 

Сот медиациясы

Жобаның мақсаты

 

Рәсімдеу принципі

 

Сот медиациясы- бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның жәрдемдесуімен сот процесі тараптарының арасындағы дауды (дау-шарды) реттеудің бітімгершілік рәсімі;

 

Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім –  тараптардың сот медиациясы нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі

 

 

Азаматтық сот өндірісіне бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның жәрдемдесуімен дауды реттеу арқылы  сот медиациясын енгізу.м

 

Сот медиациясы тараптардың келісімімен бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья арқылы жүргізіледі.

 

Сот медиациясы:

1)еріктілік;

2) медиация тараптарының тең құқылығы;

3) бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;

4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік;

5)құпиялылық;

6)қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде жүргізіледі.