Сот актілеріне шағымдану тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

СОТ ШЕШІМДЕРІНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ БЕРУ МЕН НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ ҚҰҚЫҒЫ

ҚР АІЖК-нің 332-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі.

Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да апелляциялық шағым беруге құқылы.

 

АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР  БЕРУ (КЕЛТІРУ) ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.
Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
Шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.
Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

 

АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ НЕМЕСЕ НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

- шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
          -  шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;
          -   шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;

            - істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
            - заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;

- шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;

- шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;
- шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық

беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

         Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштіңде болуы мүмкін.

         Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.

 

 

СОТ АКТIЛЕРIНЕ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАНУ,
НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТIРУ ТӘРТІБІ

         Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.

Іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттар олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.

Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтіру құқығы істі осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы.

 

ІСТІ ТАЛАП ЕТУ, КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДЫ НЕМЕСЕ  НАРАЗЫЛЫҚТЫ БЕРУ ТӘРТIБI

Кассациялық шағымдар мен наразылықтар iске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшiрмелерiмен қоса тiкелей кассациялық сатыдағы сотқа жолданады және берiледi. Прокурордың кассациялық наразылығы, шағымы азаматтық іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі.

Қажеттi жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн iске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды мiндеттей алады.

Азаматтық істі тиісті соттан кассациялық наразылық беру құқығы бар прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап ете алады. Прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын сот заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттерін орындағаннан кейін ғана орындайды.

 

КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ НЕМЕСЕ НАРАЗЫЛЫҚ БЕРУ МЕРЗІМІ

         Кассациялық шағым немесе наразылық бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі, қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаға кері қайтарылады.

 

КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ НЕМЕСЕ НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
          - шағым немесе наразылық жолданған соттың атауын;
          - шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауын;
          - шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің, қаулының және ұйғарымның көрсетілуін;

- шешімнің, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместігі, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші неге саятындығының көрсетілуін;
          - шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесін қамтуға тиіс. Кассациялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.
          Егер кассациялық шағымданған өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі талқылау уақытында процеске қатыспаса, кассациялық шағымға өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.