Оқу орталығының ережесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

Е Р Е Ж Е

Шығыс Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы туралы

 

  1. Жалпы ережелер

 

Шығыс Қазақстан облысы соттары судьялары мен кеңсе қызметкерлерінің кәсіптік дайындық деңгейін көтеру, сот процестерін жүргізу мәдениетін  жақсарту, сот әдлідігін жүзеге асыру сапасын көтеру, тағылымдаманы ұйымдастыру деңгейін жақсарту, іс жүргізу  мен жұмысты ұйымдастыру  мақсатында Шығыс Қазақстан обылстық соты төрағасының 28.12.2004 жылғы №253 өкімімен және 14.11.2007 жылғы өкімімен Шығыс Қазақстан обылстық сотының Оқу орталығы құрылды.

Оқу орталығында оқыту бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысының барлық судьяларына арналған.

Соның ішінде:

- сот тәжірибесі аз судьяларға;

- сот әділдігін жүзеге асыруда қателіктерге жол беретін, құқық қолдану тәжірибесінде қиындықтарға кезігетін судьяларға ерекше назар аударылады.

 

Өз қызметінде Оқу орталығы мына құжаттарды басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық Заңды;

- 2007-2012 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасындағы сот білімі стратегиялық жоспары Тұжырымдамасын;

- 2009-2011 жылдарға арналған Сот білімі стратегиясын;

- 12.09.2005 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен  бекітілген, 2005-2007 жылдарға арналған жас судьяларға сот қызметін меңгеруге және кәсіптік дайындық алуға көмек көрсету жөніндегі арнайы бағдарламаны;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 18 қазан 2006 жылғы №217  өкімімен бекітілген жоғарғы тұрған соттарда аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының тағылымдамадан өту ережесін;

- Тәлімгерлік туралы ережені;

- Оқу бағдарламасының үйлестірушілері туралы ережені;

- Судьялардың мамандандырылуы бойынша әдістемелік ұсыныстарын.

 

  1. Оқу орталығының мақсаттары мен міндеттері

 

1. Оқу орталығының негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Шығыс Қазақстан облысы  сот  корпусының  үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету, сот әділдігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, сот процестерін жүргізу мәдениетін көтеру.

2. Сот әділдігін жүзеге асырудан басқа оқу орталығының мақсаты қазіргі заманғы кіршіксіз сот моделін қалыптастыру.  Құқықтық реформаға көмектесу, сот жүйесін жетілдіру.

3. Шығыс Қазақстан облысының Соттар әкімшісі базалық сот ретінде танылған аудандық және оларға теңестірілген сот төрағаларымен бірлесе отырып, судьялардың, сот қызметкерлерінің қатысуымен болатын тренингтердің тиісті деңгейде өткізілуін, сонымен қатар, Оқу орталығының жұмыс жоспарында көрсетілген өзге де іс шаралардың  орындалуын қамтамасыз етеді.

4. Оқу орталығының міндеттері аудандық және оларға теңестірілген сот төрағалары мен судьяларының және кеңсе қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін  көтеруден тұрады. Сонымен қатар, іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуден  тұрады. Ондай оқу-әдістемелік дұмыстарға:

а) жұмысты ұйымдастыру мен сот әділдігін жүзеге асыру  мәселелері бойынша аудандық және оларға теңестіріліген соттар төрағаларының, судьялары мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен тренингтер өткізу; 

б)  тағылымдамашы судьялардың  жұмыс спецификасын зерттеуі, олардың  судья лауазымында  қажет тәжірибелік және ұйымдастырушылық дағдысын үйрену (іс материалдарын, жиналған дәлелдемелерді зерттеу арқылы  сот мәжілісін жүргізу, сот мәжілістерін жоспарлау және дайындау, сотқа шақыру қағаздарын уақтылы тапсыру және тараптарды хабрдар ету, сонымен қатар сот актілерін орындауға уақтылы жолдау);

в) нақты істерді қарау кезінде тағылымдамашы судьялардың ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулыларымен және тиісті заң әдебиеттерімен танысуы, сонымен қатар, олардың талдау жұмыстарын зерттеуі;

г) тағылымдамадан өтуші кеңсе қызметкерлерінің базалық сот кеңсесі жұмысының ұйымдастырылуын осы сот қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерімен танысу арқылы зерделеу.

д)  заң ғылымы, білім және тәжірибе арасындағы байланыстың күшейуіне көмектесу;

е)  судьялардың оқу қажеттігін талдау, оқу артықшылықтарын, нысандары мен әдістерін талдау;

ж) құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін анықтау және талдау, құқық нормасынын бірегей  қолдануды қалыптастыру; 

з) судьяларды құқықтың әртүрлі салалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;

и) жас судьялардың  кәсіптік деңгейін  көтеруге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

к) облыс судьяларының республикалық, облыстық және аймақтық оқу бағдарламаларына қатысуын ұйымдастыру.

 

3. Оқу  орталығы жұмысын ұйымдастыру

 

1. Оқу орталығының жұмысын оның басшысы – оқу бағдарламасының үйлестірушісі басқарады.

2. Оқу орталығы басшысының қызметін техникалық қамтамасыз ету сот кеңсесімен жүзеге асырылады.

Оқу орталығының басшысы облыстық соттың сот алқасы төрағаларының келісімімен соттардың құқық қолдану тәжірибесін және оқы қажеттілігін ескере отырып, дәрістердің, семинарлардың, тәжірибелік сабақтардың тақырыптарын дайындайды;

- облыстық соттың төрағасына Оқу орталығы жұмысының жоспарын келісім беруге ұсынады;

- облыстық сот төрағасына облыстық сотта тағылымдамадан өтуге жіберілетін судьялардың кандидатураларын ұсынады;

- жоғарғы Сот жанындағы оқу бағдарламасының үйлестірушісімен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сот төрелігі Институтымен, судьялар Одағымен өзара қызмет етеді;

- жарты жылдықтың соңында жасалған жұмыстар жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасына ақпарат береді, ал жыл соңында есеп береді;

- облыстық сот төрағасына оқу процесін жетілдіру бойынша, сонымен қатар, білім беру бағдарламасына белсене араласқан судьяларды марапаттау жөнінде ұсыныстар жасайды.

 

4. Оқу процесін ұйымдастыру

1. Оқу процесі құқық саласының 3 бағытынан  тұрады:

- азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу;

- қылмыстық  құқық және қылмыстық іс жүргізу;

- әкімшілік құқық әкімшілік іс жүргізу.

 

2. Оқу орталығы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- жеке оқу;

- аудиторлық сабақ;

- тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.

3. Судьяның жеке оқуы тікелей жетекшімен (алқа төрағасымен) бекітілген жеке оқу жоспраы негізінде жүзеге асады. 

4. Аудиторлық сабақтар Оқу орталығының облыстық сот төрағасымен келісілген жұмыс жоспары негізінде, мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- дәрістер;

- семинарлар (облыстық, топтық, секциялық);

Облыстық сот судьялары лекторлар ретінде оқытуды жүзеге асырады.

Оқу процесіне нақты бір мамандандыру бойынша жеткілікті сот тәжірибесі бар қалалық және аудандық соттардың судьялары, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, өзге құқық саласының мамандары тартылады.

 

5. Тағылымдамадан өту тәртібі

1.   Аудандық және оларға теңестірілген соттардың тағылымдамасы сот алқаларының төрағаларымен берілген мәліметтер бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қоса тағылымдамадан өтуге жіберудің негізгі критериі сот әділдігін жүзеге асыру сапасы, сот қызметіндегі өтілі және зоналық соттар бойынша куратор-судьялардың ұсыныстары болып табылады. 

2. Тағылымдамаға жіберілген судьялар, сот кеңсесінің қызметкерлері, мамандар:

а) тағылымдама процесіне адал болуға;

б) еңбек және мемлекеттік тәртіпті сақтауға;

в) тағылымдамадан өту есебін дайындауға мінддетті.

  1. Төрағалардың, судьялар мен сот кеңсесі қызметкерлерінің Оқу орталығына келуін қамтамасыз ету  Шығыс Қазақстан облысының Соттар әкімшісіміен  Оқу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік процестің сапасын  қамтамасыз ету мақсатында тренингер өткізу үшін РҚ Жоғарғы Сотының судьялары мен қызметкерлері, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот Академиясының қызметкерлері, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттар әкімшілігі жөніндегі Комитеттің, өзге де мемлекеттік органдардың және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері тартылуы мүмкін.

Оқу орталығындағы судьялардың тағылымдамадан өтуі  облыстық сот судьяларының санынан тағайындалған тағылымдама жетекшісінің басшылығымен облыстық сот төрағасымен бекітілген тағылымдамадан өту кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

Оқу орталығының жұмысы жарты жылдық бойынша жасалатын Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, оның орындалуын оқу бағдарламасының үйлестірушісі және Шығыс Қазақстан обылстық сотының соттар қызметін ұйымдастыру және сот мониторингі  бөлімі қадағалайды.

Істерді қарау тәжірибесін, сот әділдігін жүзеге асыру сапасын, заңнамада жіберілген қателіктерді талдай отырып, өзекті болып табылатын және қиындықтар туғызатын тақырыптар бойынша дәрістердің және семинарлар тақырыптары анықталады.